Қызылордада «Университет аруы-2017» анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қыз Жібек» қыздар клубы дәстүрлі «Университет аруы - 2017» байқауын ұйымдастырды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Байқауда тал шыбықтай бұралған, ақылына көркі сай 15 қыз өз өнерлерін ортаға салып, түрлі сауалдарға мүдірместен жауап берді. Осы уақытқа дейін 40 қыздың ішінен іріктелген арулар сахнадағы тапқырлықтары мен табандылықтарының арқасында өздерінің осал еместіктерін аңғартты.

Көрермендер көп жиналған байқауда жанкүйерлер ерекше белсенділік танытты. Отыздан аса демеуші байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

null 

Әділ қазылар алқасының қорытындысымен филология, тарих және құқық факультетінің 1-курс студенті Айжан Аяғанқызы «Университет аруы - 2017» атанса, осы факультеттің студенті Ардақ Талантқызы бірінші вице-мисс титулына лайық деп танылды.  Ал хореография мамандығының 2-курс студенті Аружан Мейірбекқызы екінші вице-мисс атағын місе тұтты. Сондай-ақ «Көрермендер көзайымы» номинациясы жаратылыстану факультетінің студенті Айдана Әбиболлақызына, «Қыз Жібек аруы» номинациясы Айнұр Амантайқызына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар