Қызылордада түйе сүтін қабылдайтын орталық ашылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат- «Bakyt business group» ЖШС Арал ауданында түйе сүтін қабылдайтын орындарын ашуды жоспарлап отыр. Осыған орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы П.Айбосынов пен «Bakyt business group» ЖШС директорының орынбасары Б.Аңсаров ауылдық округ әкімдерімен және шаруа қожалық иелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Әлішева төрағалық етті.

Кездесуде компанияның шаруа қожалықтарынан және жеке тұрғындардан түйе сүтін нарықпен бірдей бағада қабылдауды жоспарлап отырғандығы айтылды. Сондай-ақ, елді мекендердің аудан орталығынан арақашықтығы және түйе сүтін жеткізу мәселесі кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар қозғалған мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары әлі де нақтыланып, жоба ұсынылатын болады.

Соңғы жаңалықтар