Қызылордада тұрмысы төмен отбасыларға 14 млн. теңгенің азық-түлігі таратылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда қаласында «Қала күні» мерекесі жалғасуда. Бүгін күн «Жүрек жылуы» қайырымдылық күні деп аталады.Осыған орай, қаладағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жанындағы аллеяда ұйымдастырылған «Жүрек жылуы» акциясы аясында қаладағы 800 тұрмысы төмен отбасына 14 млн.теңгенің азық-түлік өнімдері таратылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.

32 автокөлікке тиелген азық-түлік өнімдері арнайы бөлінген әлеуметтік қызметкерлердің көмегімен, аталмыш 800 отбасының үйлеріне жеткізіліп берілді.

Атап өту керек, Қызылорда қаласында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді. Мысалы, былтырғы «Тәуелсіздік шапағаты» қайырымдылық айлығы аясында 2 мың 750 тұрмысы төмен отбасына 34 млн.теңгенің қайырымдылық көмектері көрсетілген. Ал, биылғы жылдың басынан бері қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2 мың 170 отбасына көмектер көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар