Қызылордада Текей батырдың 350 жылдығына арналған тарихи-танымдық кеш өтті

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Текей Қарпықұлының 350 жылдығына арналған «Әз Тәукенің бас сарбазы - Текей батыр» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Мың  өліп, мың тірілген халқымыздың тарихи жады ел Тәуелсіздігі жолындағы күресте ерекше  ерліктерімен  дараланған хандар мен батырларды  ешқашан санамыздан өшірген  емес. Ұлтымыздың  мемлекет болып қалыптасуы  жолында  ел тізгінін ұстаған хандар мен  ел қорғаған  батырлардың  есімдері бүгінгі ұрпақ  алдында ұлықталып, насихатталуда. 

Батыр бабамыз Текей Қарпықұлы  - қазақ ұлтының мемлекеттігін нығайтуда  өлшеусіз үлес қосып, ел билеу ісіндегі өзінің даналығының арқасында  Тәуке ханның бас батырына айналған. Әз Тәуке ханның тұсында бес жорық жасалса, 1711 жылғы шайқаста Текей батыр бас қолбасшы болады. Текей батырдың Тәуке ханның тұсында қолбасшы болғанын және қазақтың ұлан-ғайыр жеріндегі шайқастардың көпшілігіне қатысып, ел мен жер үшін  тер төккенін, ұлттық батырымыз деп дәріптеп, есімін ұлықтауға әбден лайықты тұлға екендігі кеш барысында сөз етілді.

Шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меруерт Аңсатова,«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері Бақытжан Ахметбек және  студенттер қатысты.

Сондай-ақ мұнда «Тәуелсіздік тұмары - Текей батыр!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Соңғы жаңалықтар