Қызылордада шенеунік пара алу кезінде ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қызылорда облысы Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы пара алу үстінде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның Қызылорда облысы бойынша департаменті Білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Р.П. Чагайдың «қамқорлық» жасағаны үшін оқу орны басшыларынан жүйелі түрде пара алып отырғанын әшкереледі.

Осы жылғы 26 сәуірде Р. Чагай  жекеменшік колледж өкілі Б. Әбуталіповтен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензияны тоқтатпағаны  үшін 300 мың теңге пара алу кезінде ұсталды.

 Р. Чагай мен Б. Әбуталіпов Қызылорда қаласы ІІБ УҰИ-ға қамалды.  

Соталды тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар