Қызылордада сексеуіл ағашын заңсыз кескен азаматқа қатысты іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында сексеуіл ағашын заңсыз кесіп, алып бара жатқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас мамандары Жалағаш АІІБ-нің Табиғат қорғау полиция тобының аға инспекторы және «Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-сінің инспекторы бірлескен рейдтік шаралар барысында, Қызылорда облысының Жалағаш ауданының аумағында кесуге тыйым салынған сексеуіл ағашын заңсыз кесу дерегін анықтаған.

Тексеру барысында Жалағаш ауданы Ақарық ауылының тұрғыны ГАЗ-53 автокөлігіне сексеуіл ағашын тиеп келе жатып ұсталды.

Аталмыш факті бойынша, Жалағаш АІІБ-ге тіркеліп, ҚР ҚК-нің 340-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар