Қызылордада сауналардың бірінен заңсыз ойынхана анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, заңсыз ойын орны анықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі департаментке сілтеме жасап.

 Департаменттің бас маманы Бақыт Орданованың айтуынша, казино Қызылорда қаласының сауналарының бірінен табылған. Тексеру нәтижесінде онда 532000 теңге, 600 АҚШ доллары, покер үстелі мен фишкалар және ойын картасы айналымнан алынды.

   Бүгінде аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке,  сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар