Қызылордада «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордада «Сыр медиа» ЖШС жанынан ашылған «Рухани жаңғыру» орталығының директоры тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат. 

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев «Сыр медиа» ұжымына серіктестіктің бас директорының орынбасары - «Рухани жаңғыру» орталығының директоры қызметіне тағайындалып отырған Нұрлыбек Мыңжасты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Белгілі ғалым Нұрлыбек Мыңжас еңбек жолын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен бастап, әр жылдары осы оқу орнында жауапты қызметтер атқарған. Соңғы жылдары университеттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі болды.

Соңғы жаңалықтар