Қызылордада полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан 34 жастағы азаматшаны қолға түсірді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада бөтен мүлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен еш жүрде жұмыс істемейтін 1982 жылы туылған облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Бірінші ұрлық қылмысы өткен жылы 30 қыркүйекте тіркелген. Ол кезде сезікті жәбірленушінің ұялы телефонын қолды етіп, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

Ал екінші дерек 2017 жылдың 3 қаңтарында орын алған. «Жайна» сауда орталығында түскі сағат 14.00 шамасында қала тұрғынының сыртқы киімін ұрлап кетіп, 17 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Сонымен қатар, аталған азаматшаның қатысуымен 12 қаңтар және 15 қаңтар күндері 2 пәтер ұрлығы қылмысы орын алған.  Бірінші жағдайда, Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің пәтеріне белгісіз біреулер кіріп, ноутбугын және қысқы киімдерін ұрлап кеткендігін көрсеткен болатын. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, пәтер ұрлығы есік кілттерін іріктеу арқылы кіру нәтижесінде орын алғандығын анықтады. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 657 000 теңгені құраған.

Ал екінші жағдайда үй-жайдан ноутбук, 2 дана «Sаmsung» маркалы ұялы телефон және қысқы киімдер қолды болып, шығынның жалпы сомасы 200 000 теңгені құраған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы азаматша ұсталып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2- бөлігі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, ұсталған азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар