Қызылордада өткен «Алтын дән - 2016» жәрмеңкесіндегі өнімдердің құны 182 млн. теңгеге жуық

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Облыста егін жинау жұмыстары аяқталды. Осыған байланысты, жылдағы дәстүр бойынша, 2016 жылдың 21-23 қазанында Қызылорда қаласында «Алтын дән - 2016» салтанатты мейрамы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілуде,-деп хабарлады ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Сыр өңірі дихандары биылғы жылы егілген 80,1 мың гектар күріштің әр гектарынан 54,9 центнерден өнім алып, қамбаға 439,8 мың тоннадан астам астық жинады. Сөйтіп, облысымыз жылдағы рекордтық жетістіктерін 4 рет қайталады.

«Алтын дән-2016» салтанатты мәжілісін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында құттықтау сөзімен ашып, ел ырысымен, ер еңбегімен қазына байлығымызды тасытқан биылғы жылы ауыл шаруашылығы саласында жоғарғы жетістіктеріне қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Е. Көшербаев және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә. Сүлейменов бір топ ауыл шаруашылығы өндірісінің озаттары мен еңбек ардагерлеріне ведомоствалық наградаларын тапсырды.

Өткізілген шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге алты аудан мен Қызылорда қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 429 көлікпен 181,9 млн.теңгенің 1192 тонна өнімін облыс тұрғындарына нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынды.

null  

Соңғы жаңалықтар