Қызылордада өнегелі отбасылардың байқауы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада «Өнегелі отбасы - рухани жаңғырудың өзегі» тақырыбында бастауыш партия ұйымы мүшелері арасында отбасылық байқау өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында өткізілді.

Шара шымылдығын ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев отбасы - біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты екенін атап өтті.

«Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиістігін атап көрсеткен. Бұл - жаһандану дәуірінде өз тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық ғана табысты өркендей алатындығының кепілі. Сондықтан отбасындағы ынтымақты, береке мен бірлікті сақтай отырып, отбасы құндылықтарын насихаттау, дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылады, - деді Ибадулла Құттықожаев.

Бұл байқауда аумақтық кезеңнен озық шыққан 12 отбасы қатысып, сынға түсті.

Шара соңында жүлделі орындар анықталды. Бас жүлдені Сырдария аудандық партия филиалына қарасты «Мәдениет үйі» бастауыш партия ұйымынан Көшекбаевтар отбасы, І орынды Қазалы аудандық филиалының «Ақжелкен» бастауыш партия ұйымы, Тәңірбергеновтер отбасы, ІІ орынды қалалық филиалына қарасты «Сымбат» бастауыш партия ұйымы, Нұрымбетовтер отбасы және «Тұран» филиалына қарасты «Көрмек» бастауыш партия ұйымы, Мирмановтар отбасы иеленсе, ІІІ орын Жалағаш және Жаңақорған аудандық филиалдарына қарасты «Жаңаталап», «Өнер» бастауыш партия ұйымдары отбасыларына бұйырды.

Қалған бастауыш ұйым отбасылары түрлі номинацияларға ие болып, арнайы алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар