Қызылордада «Мың бала» республикалық жобасының байқауы өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылордадағы Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының облыстық байқауы өтті.

 Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бастап қолға алынған жобаға ағымдағы жылы барлығы 2000 оқушы белсенді түрде атсалысты.
null

 Байқау үш бағыт бойынша жүргізілді. Біріншісі, «Асыл сөз» мектебі» облыстық «Шешендік өнер» байқауына - 32, екіншісі,  «Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» республикалық шығармалар байқауының өңірлік кезеңіне - 28, үшіншісі,  «#Мыңбала2017» видеролигіне 45 бала қатысты.

Байқаудың мақсаты - этнос топтарының жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнердің мұраларын насихаттау, тілге шешен  сөз шеберлерінің өнеріне қолдау көрсету. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелейтін, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлықты арттыратын, елге қамқор болуға баулитын эссе мен өлеңдер жазу және оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілетін дамытуға қолдау көрсету болып табылады.

Байқауға аудандардан, Қызылорда және Байқоңыр қаласынан 8-11 сынып аралығындағы түрлі этнос өкілдерінің оқушылары қатысты. Қазылар алқасының құрамында филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аман Абасилов, облыстық ішкі саясат басқармасы «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» МКҚК маманы Ләззат Ортаева, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, ҚР қоғам қайраткері Ержан Уәйіс болды. Қатысушылардың шығармалары қазақ тілінде ұсынылып, әділқазылар жеңімпаздарды анықтады.
null

Нәтижесінде, әр номинация бойынша жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Асыл сөз» мектебі» облыстық «Шешендік өнер» байқауы бойынша бірінші орынды  Сырдария ауданы №36 орта мектебі, екінші орынды Шиелі ауданы №252 орта мектебі, үшінші орынды Жалағаш ауданы №31 орта мектебі мен Қызылорда қаласы №3 мектеп гимназиясы иеленді.
null

«Кемел елдің кемеңгер қаламгерлері» республикалық шығармалар байқауының өңірлік кезеңінде бірінші орынды  Сырдария ауданынан Нүргүл Уәкілова, екінші орынды  Жалағаш ауданынан Тимур Ли қанжығасына байлады.

«#Мыңбала2017» видеролигі бойынша бірінші орынға  Арал ауданынан Ринат Чумаш, екінші орынға Қармақшы ауданынан Гүлханым Мардиева, үшінші орынға  Жалағаш ауданы лайық деп танылды.

Жеңімпаздар республикалық байқауға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар