Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұзындығы 2 метр торт пісірілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылорда қаласында ұзындығы екі метрге жуық торт пен тәтті тоқаштар пісіріліп, мүмкіндігі шектеулі балаларға тарту етілді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Тәтті сыйлықты «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы аясында «Браунис» кондитерлік желісі дайындаған. Қызылорда қаласының 199 жылдығы құрметіне торттың биіктігі де 199 сантиметр етіп жасалған.

«Жомарт жүрек» акциясы аясында қалалық мәдениет және демалыс саябағында ойын-сауық атракциондары, сондай-ақ «Қызылорданың тартуы» акциясымен барлық бағыттағы қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетуде.
Бұдан бөлек, ардагерлерге арналған «Ардагерлерді ардақтайық» және «Жүрегім толы мейірім» тақырыбымен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге мерекелік концерттер өткізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар