Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -18 °С
Алматы: -7 °С
USD 319.42 EUR 400.04
RUB 5.66 CNY 50.35
Жаңалықтар

Қызылордада міндеттеріне салғырт қараған дәрігерлер сотталды

2018 жылғы 8 ақпан 17:04 757
Поделиться:
Қызылордада міндеттеріне салғырт қараған дәрігерлер сотталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында Сырдария аудандық соты міндеттеріне салғырт қараған дәрігерлерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
А вирустық гепатитінің таралуы қай жылдары жоғарылайды Қазақстанда адамдардың денсаулығына қауіпті препараттар сатылмады - ДСМ

Аудандық аурухананың дәрігері мен акушері босанған жас ананың денсаулығын бақылауға алмаған. Нәтижесінде, ұл баланы дүниеге әкелген Алтынай Тәжімова көз жұмды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу кезінде сол күні жұмыс жасаған мамандар кәсіптік міндеттерін тиісті орындамағандары анықталды.

Сот үкімі бойынша дәрігерлерлерге 2 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олар медицина саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 1 жыл мерзімге айырылды.

«Сотталушылардың жасаған қылмыстық іс-әрекеттері онша ауыр емес қылмыстар санатына жатады. Сондай-ақ, олар бұрын сотталмаған. Кәмелетке толмаған балаларының болуы олардың кінәсін жеңілдетеді. Осыған орай, рақымшылық заңы аясында дәрігерлер қылмыстық жауапкершіліктен босатылды»,  - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, көз жұмған Алтынай Тәжімова медицина қызметкерлерінің кәсіби мейрамы күні босанған. Ал, мерекелік дастарханға асыққан ақ халаттылар қызметтеріне атүсті қараған.

Айнұр Төлешова


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат