Қызылордада мереке қарсаңында 210 тұрғын баспаналы болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жаңа КБИ мөлтек ауданында салынған 210 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баспаналы болған қызылордалықтарды қуаныштарымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.

Пәтерлі болған 210 азаматтың 42-сі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар.

null 

Жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығыныңтәрбиеленушісі Ташмұхамбетов Ардаққа бұл ерекше қуаныш.  Себебі, ол Орталықтан бірден өзінің жаңа пәтеріне шығады. «Мен 23 жастамын және 23 жасқа толған кезде Орталықтан кететінімді білемін. Баспанасыз қаламын деген қорқыныш болмады, өйткені мен білетінмін, Жастар үйінен арендалық пәтердің берілетінін, онда мен 29 жасқа дейін өмір сүретін боламын. Бірақ жасөспірімдер үйінен дереу өз пәтеріме кіремін деп күткен жоқпын. Облыс әкіміне ризамын», - дейді ол.

null null null 

Соңғы жаңалықтар