Қызылордада медицина мекемелерінің техникалық базасын нығайтылуда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық медицина ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың соңына дейін  Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, 11 медициналық бекет пайдалануға беріледі.

Мұнан өзге облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 400 келушіге арналған № 2 қалалық емхана желтоқсан айында ашылады  және осы бағытта 4 дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда.

Ал, өткен жылы облыстың емдеу ұйымдары жергілікті бюджеттен 1,0 млрд теңгеге 183, лизингпен 651 млн теңгеге 28,  2017 жылы  лизинг аясында  1,4 млрд  теңгеге, облыстық бюджет арқылы 1,7 млрд теңгеге 77  медициналық құрал-жабдықтар алынған болатын.  Соның нәтижесінде, емдеу  ұйымдарын  құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің көрсеткіші 45,19 пайыздан  73,4 пайызға жоғарлады.

Еске сала кетейік, Елбасы өзінің Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің бірнеше қадамында медицина саласының мәселелеріне қатысты нақты міндеттер жүктеген болатын. Ондағы 80-қадамда: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жайы айтылды.. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыруы тиіс. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады. Сондай-ақ осы құжаттың 81-82 қадамдарында да медицина саласының алдағы міндеттері айтылды.

Соңғы жаңалықтар