Қызылордада мал бордақылау бекеті мен қасапхана жұмысын бастады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік  күні қарсаңында Қызылордада «Туған жерге тағзым» форумы өтті. Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қызылордалықтар арнайы келіп қатысты. Аймақтың дамуына қосқан үлестері үшін Сыр елінің бірқатар тумаларына «Сыр жанашыры» марапаты табысталды.

Форум аясында телекөпір арқылы облыстағы бірқатар жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Солардың бірі, Қызылорда қаласындағы  1000 бас ірі қара малға арналған «Саламат - Агро» ЖШС-нің мал бордақылау және сою бекеті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірде бордақылау алаңында қазақтың ақбас сиыры, герефорд, голштин тұқымды сиырлары бордақылануда.

null 

Бордақылау алаңына алғашқыда 6-8 айлық 500 ірі қара мал келіп түседі. Бордақылау мерзімі 100 күнге дейін созылады. Мал сою кешеніндегі 1 бас малдың тірідей салмағы 400-420 кг болады.

Өндіріс технологиясы «бос-толық» жүйесі негізінде ірі қара малды байламай ұстауды қарастырады. Алаңға келіп түскен мал 7 күн карантинде болып, 6-7 айлық бұқашықтар тәулігіне кемінде 0,75-0,8 кг салмақ қосып, 10-12 айға дейін өсіріледі. 10-12 айлық жас мал 16-18 айға дейін тәулігіне 1 кг жуық интенсивті бордақылауға көшеді.

null null 

Айта кетсек, мал сою бекеті HALAL сертификатын алған.

Соңғы жаңалықтар