Қызылордада «Мәдени Арбат» пайда болады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Мәдени Арбат» жобасы қолға алынып отыр. Облыс орталығының Ы.Жақаев көшесі бойында қоныс тебетін бұл орында жергілікті ісмерлер, суретшілер, қолөнер шеберлері өз өнімдерін жыл бойына көпшілікке ұсынуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай орындар Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург, еліміздің Астана және Алматы қалаларында бұрыннан бар. Ендігі кезекте Қызылорда төрінде де сондай мәдени орын халыққа қызмет көрсетеді. Онда көше музыканттары өз өнерлерін көрсетсе, суретшілер туындыларын халыққа таныстыра алады.

«Бізге жергілікті азаматтар тарапынан ұсыныс жасалды. Сараптай отырып, бұл жобаны қолдауға назар аударылды. Қазір іске асыру жұмыстарын бастап кеттік», - дейді облыстық мәдениет басқармасының бас маманы Қасымхан Балмағанбетов.

Қолөнер шеберлері мен ісмерлерге осындай мүмкіндік жасалады. Айта кетерлігі, бұл әлеуметтік жоба ретінде саналады. Сондықтан ешкім салық төлемейді. Есесіне көше музыканттары, суретшілер, шеберлер мен ісмерлерге қаржы табуға қолайлы жағдай жасалады.

«Сыр шеберлері» тобының үйлестірушісі Олеся Романовская: «Біз 1 мамырдан бастап осы жоба бойынша өткізілетін жобаларға қатысамыз. Сол мақсатта киіз үй пішіндес етіп салынған мәдени бұрыштар орналасады. Онда түрлі тақырыптар бойынша бұйымдар қойылады», - деді.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар