Қызылордада Қытай компаниясы тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қытайлық «Dayuan Group» компаниясы ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш өндірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада кешеден бері өтіп жатқан «Байқоңыр инвест» инвестициялық форумы аясындағы жиында қытайлық «Dayuan Group» компаниясының директоры Ванг Диенфэенг азот тыңайтқышын өндіретін химиялық зауыт салуды да көздеп отырғанын жеткізді.

Секциялық отырыста қазақстандық қаржы институттарының жетекшілері мен сарапшылары еңбек өнімділігі, Қазақстан-Қытай арасындағы импорттық, экспорттық тауарлар өсімі жайында, инвестициялық жобаларды тиімді шарттармен, ұсыныстармен ұштастыру бағытында баяндамалар жасады.

Шара соңында қытайлық кәсіпорын жетекшілерімен ынтымақтастық, кәсіпкерлік аясындағы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Еске сала кетейік, кеше ІХ «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы жұмысын бастағандығы туралы хабарлаған болатынбыз .  

Соңғы жаңалықтар