Қызылордада қырғыз азаматтарын тонаған қылмыскерлер құрықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер қырғыз азаматтарын тонаған 28 және 25 жастағы Қармақшы ауданының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлады бүгін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 21 кыркүйек күні түнгі сағат 03:50 шамасында Шымкент-Самара тасжолының бойында болды. Белгісіз бір азаматша ішкі істер бөліміне телефон соғып, қылмыс фактісі туралы хабарлаған.

Хабарлама негізінде жедел түрде сол аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жүрген жол-патрульдік полиция ротасына тиісті нұсқау беріліп, нәтижесінде 1992 жылғы және 1989 жылғы 2 азамат ұсталды.

Тергеу барысында ұсталған 2 азамат алдын ала сөз байласып, Қырғызтан Республикасы азаматының басқаруындағы «Mercedes» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөліктің ішінде болған 4 азаматтың 40000 теңге көлеміндегі ақшасын, 10 дана қосымша доңғалақтарын және ұялы телефондарымен қоса «Кама» үлгісіндегі велосипедін ұрлағандары белгілі болды.

Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі, 1,3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар