Қызылордада қоғамдық көлік 39 жастағы азаматты қағып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында қоғамдық көлік қағып кеткен азамат ауыр жарақаттан қайтыс болды. Оқыс оқиға қаладағы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Mercedes - Benz» автокөлігін тізгіндеген қоғамдық көлік жүргізушісі 39 жастағы жүргіншіні қағып кеткен. Ауыр дене жарақатын алған азамат бірнеше сағаттан соң облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.

  «Қызылорда қалалық ішкі істер департаментіне хабарлама түскен бойда оқиға орнына тәртіп сақшылары жетті. Қоғамдық көлікке мінген жолаушылар сол жерде түсіп қалған. Жәбірленушінің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпекші болғандығы анықталды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақыт Бектібайқызы.

Соңғы жаңалықтар