Қызылордада «Қайсардың» жаңа құрамы таныстырылды: Легионерлерден кімдер бар

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» футбол командасының алдына жаңа маусымда үздіктер қатарынан көрініп, келер жылы Еуропа лигасында сынға түсу мақсаты қойылды. Бұл міндетті клубтың жаңа ойыншыларын таныстыру шарасында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үстіміздегі жылы «Қайсардың» құрылғанына тұп-тура жарты ғасыр толады. Мерейлі жылда команда жергілікті жанкүйерлерге өз тартуын жасауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ биыл Қызылорда қаласының да 200 жылдығы атап өтіледі. Осындай атаулы мерейтой қарсаңында «Қайсар» жеңісті ойындарымен желпінтерлік нәтижеге қол жеткізуі тиіс», - аймақ басшысы.



Атап өтілгендей, үстіміздегі жылы «қайсарлықтар» ойнайтын Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион күрделі жөндеуден өткізіліп, еуропалық талаптарға сәйкестендірілмек. Спорттық нысанның жанкүйерлер отыратын екі бөлігінде шатыр орнатылып, алаңның өзі де жаңартылады. Осылайша, стадион Еурокубок ойындарын өткізуге толықтай сай келетін деңгейге жетеді.

Шара барысында «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов көрсеткен қамқорлығы үшін облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Бүгінгі таңда футбол клубы - еліміздегі жағдайы жақсы ұжымдардың бірі.



Таныстырылым барысында футболшыларға киетін жейделері табыс етілді.

Биыл «Қайсар» басшылығы негізінен былтыр команда намысын қорғаған ойыншыларға сенім артып отыр. Дегенмен, олардың қатарын кениялық шабуылшы Пол Вере, мартиникалық Йоанн Аркин толықтырды. Сондай-ақ Асхат Тағыберген мен Дәуренбек Тәжімбетов туған жерге көп жылғы үзілістен кейін оралды. Командаға басқа да ойыншылар шақырылды.   

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ      

Соңғы жаңалықтар