Қызылордада қатты жел екі қабатты үйдің шатырын ұшырып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында соққан қатты жел екі қабатты үйдің шатырын ұшырып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға қала іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде болды.Ұшқан шатыр электр сымын үзіп, салдарынан тұрғындар жарықсыз қалды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Оқиға куәгерлерінің бірі төтенше жағдай орнында тәртіп сақшылары жұмыс жасап жатқандығы туралы айтты.

«Далада қатты жел соғып тұрғанын байқадық. Бір кезде «тарс» еткен қатты дыбыс шықты. Терезеден қарасақ шатырымыз жерде жатыр. Дереу балаларымыз бен құжаттарымызды алып далаға шықтық. Көшеде басқа көршілеріміз де жүр екен. Үйіміз негізінен ескі. Шатырымыз бұрыннан жөндеуді қажет ететін», - дейді оқиға куәгері.

Айта кетейік, қалада бүгін түстен кейін жаңбыр артынан қар жауды. Жолдардың барлығы көктайғақ болып, көлік жүргізушілерін біраз әбігерге түсірді.

 

Айнұр Төлешова

Соңғы жаңалықтар