Қызылордада кәсіптік білім мен бизнес әріптестігіне арналған форум өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының арасында  дәстүрге айналған «Кәсіптік білім және бизнес әріптестер  сұхбаты» атты  облыстық  еңбек форумы  2012 жылдан бастап аймағымызда  тұрақты өткізіліп  келеді.

 Аталған еңбек форумы бүгін  «Абылай хан» колледжінің базасында өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек  форумы өңірдегі  жүзеге  асырылып  жатқан  индустриялық - инновациялық  жобаларға, сонымен  қатар  шағын және орта бизнес  өкілдеріне  қажетті  кадрлар даярлаудағы  өзекті мәселелер  талқыланатын, алдағы  жұмыстардың  бағыт- бағдары  айқындалатын,сондай-ақ ой бөлісіп, пікір алысатын алаңға айналып келеді.
null

 Форум  жұмысына  меншік нысанына қарамастан Қызылорда обысының техникалық және кәсіптік  білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары қатысты.

 Форум аясында 3 секция жұмыс жасады. Олар: «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауы-Қазақстандық білім беруді жаңғыртудың стратегиялық факторы» тақырыбында директорлар кеңесінің кеңейтілген отырысы. «Техникалық  және кәсіптік білімнің мазмұның жаңарту жолдары» тақырыбы талқыға түсті.
null

 Сондай-ақ, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында тәрбие жұмысы арқылы тұлғаның жалпыұлттық құндылықтарын қалыптастыру мәселелері қозғалды.    

  Мұнан өзге Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдарында қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік) жастар ісі жөніндегі комитеттерін дамыту жолдары тақырыбында секциялар жұмыс жасады.
null

 Шара соңында жеңімпаздар айқындалып, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Аталған форум жұмысына жалпы алғанда техникалық және кәсіптік  білім беретін оқу орындарының 225 өкілдері қатысты.

Форумның пленарлық отырысына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.

Пленарлық отырыс білім алушыларды өндірістік мекемелерде машықтандырудан өткізу жайында колледждер мен әлеуметтік серіктестіктер арасында келісімшарттарға кол кою рәсімімен және техникалық және кәсіптік білім беру саласының үздіктерін, байқау жеңімпаздарын облыстық білім басқармасының арнайы дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттаумен өз жұмысын аяқтады.
null

null

Соңғы жаңалықтар