Қызылордада қарақұйрық аулаған браконьерлер қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Ағымдағы жылдың ақпан айының 15-25 күндері аралығында экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында «Қызыл кітапқа» енгізілген қарақұйрық аңын аулаған браконьерлер қолға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға ақпан айының 21-нен 22-не қараған түні сағат 05-00-дер шамасында орын алған. Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері мен Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің жедел топ мамандарының бірлесіп жүргізген рейдтік жұмыстары барысында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым қашықтықтағы далалық жерде «Toyota Land-Cruiser» маркалы автокөлігі тоқтатылады.
null  

Автокөлікке тексеру жүргізу барысында көліктің жүксалғышынан 33 дана қоянның және 2 дана қарақұйрықтың өлі денелерін анықталды. Сонымен қатар 2 дана аңшы мылтығы мен 19 дана оқтар айғақ зат ретінде алынып, тәркіленді.

Оқиға орнынан 1986 жылы туған автокөлік жүргізушісі мен 1985 жылы және 1992 жылы туған жолаушылар ұсталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
null  

Соңғы жаңалықтар