Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -27 °С
Алматы: -6 °С
USD 334.85 EUR 394.29
RUB 5.69 CNY 50.60
Жаңалықтар

Қызылордада қарақшылық шабуыл жасаған 4 адам ұсталды

2017 жылғы 13 қазан 02:24 535
Поделиться:
Қызылордада қарақшылық шабуыл жасаған 4 адам ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА.ҚазАқпарат-Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің полиция қызметкерлері дүкен иесінің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 4 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2017 жылдың 3 мамыр күні таңғы сағат 04.48 шамасында орын алған. Беттеріне бетперде киген 4 азамат Қайнарбаев көшесінде орналасқан үйге баса көктеп кірген. Сол уақытта үйлерінде ұйықтап жатқан 39 жастағы үй иесін және 37 жастағы сіңлісін қарумен қорқытып, аяқ-қолдарын байлап-тастаған. Содан кейін жатын бөлмеде тұрған 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны және сол үйде орналасқан дүкеннен темекі өнімдерін  алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 230 мың теңгені құраған.

Құрылған арнайы жедел тергеу тобы дереу қылмысты ашуға кірісіп, барлық ақпараттар мен деректер тексеріліп, жан-жақты нұсқалар қарастырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 22, 25, 28 және 27 жастағы күдіктілер ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1 және 3 тармағы (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған қарақшылық) бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Елубай Әуезов

Пікір қалдыру
Мұрағат