Қызылордада қала күнінде шұбат-қымыз, қауын-қарбыз фестивалі ұйымдастырылады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қала күнінде орталық алаңда «Ұлттық өнер, құт қайнар» атты облыстық өнер фестивалі, «Сырдың шипа шұбаты - жырдың қайнар қуаты» атты «Шұбат-қымыз» фестивалі өтеді.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аралдан бастап Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы шипалы шұбат, қымыз өндірушілер қызылордалықтарға ұлттық брендке айналған сусындарын ұсынады.

«Қауын-қарбыз» фестивалінде, қызылордалықтар Сыр бойы бағбандарының өсірген қауын, қарбыздарынан тегін дәм тата алады. Фестиваль барысында Сырдан шыққан өнімдердің түр-түрінен көрмелер ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар