Қызылордада гидротехник Сабыр Арыстанбаевтың ескерткіш бюсті ашылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген инженер-гидротехнигі, Қызылорда облысының және Шиелі ауданының құрметті азаматы Сабыр Арыстанбаевтың ескерткіш бюсті ашылды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

 Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, еңбек ардагерлері және С.Арыстанбаевтың әріптестері қатысты.

Сабыр Шаймерденұлы өткен ғасырдың 60-80 жж. ортасында облыстың 6 суармалы алқаптарында орналасқан (Түгіскен, Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда сол және оң жаға, Қазалы оң және сол жаға) көлемі 220 мың гектарға дейін, суармалы жерлердің инженерлік жүйеге келтірілуіне және көптеген гидротехникалық құрылыстардың салынуына ерекше үлес қосты.

  «Инженерлік жүйедегі суармалы жер - Қызылорда облысын басқа аймақтардан ерекшелендіретін, келер ұрпақ үшін Сыр өңірінің қадірін еселей түсетін маңызды қазына. Сабыр Шаймерденұлы 20 жылға жуық осы мекеменің бастығы қызметін абыроймен атқарды және сол кездерде жиі кездесетін су тапшы жылдары аз мөлшердің өзінде егістік жерлерді суландырудың жүйелі су айналымы тәсілін енгізіп, нәтижелі еңбек етті. Еңбегі мемлекет тарапынан ескеріліп, Қазақ ҚСР-нің еңбек сіңірген гидротехнигі атағы берілді, ҚСР Жоғары кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен, «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар Достығы» ордендерімен марапатталды», - деді облыс әкімі.

  Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерін Мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев және еңбек ардагері Дайрабай Ысқақов құттықтады.

 Сабыр Арыстанбаевтың бюсті Қызылорда су торабы әкімшілік ғимаратының алдында орналасқанын атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар