Қызылордада «Есірткісіз болашақ...» тақырыбында жазылған журналистердің үздік жұмыстары марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Есірткісіз болашақ...» тақырыбында теледидар және баспасөз журналистері арасында үздік репортаж және мақала сайысы өткізілді, - деп хабарлады ҚазАқпарат ОІІД сілтеме жасап.

null null
Сайысқа бірнеше үміткерлер қатысып, заманауи техникалық құралдардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, белгіленген тақырыпқа қатысты ойларын нақты, дәлелді фактілермен, дәл және көркем жеткізе білді.

Құрылған комиссияның шешіміне сәйкес, сайыстың бас жүлдесін «ҚоғамТВ» телеарнасының редакторы Құлтанова Баян Рахатқызы қанжығасына байласа, ІІ орын иегері болып «ҚоғамТВ» телеарнасының тілшісі Бекарыстанов Тілеген Сқақұлы танылды. Ал ІІІ орынды «Bnews.kz» халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі, «Время» газетінің меншікті тілшісі, «Кому что?» газетінің редакторы Денисова Наталья Николаевна жеңіп алды.

Сонымен қатар, «Kyzylorda-news.kz» интернет газеті редакторының орынбасары Бекбан Шынар Алтынбекқызы мен тілшісі Жағыпарова Ақнұр Бөлегенқызының жұмыстары «Полиция сүйіспеншілігі» аталымына лайық деп танылса, «ҚоғамТВ» телеарнасының операторы Бәйімбетов Берік Әбдірахманұлы мен монтажерлары Раисова Индира Бақытқызы мен Исаев Жанас Сәдуұлының жұмыстары «Ынтымақтастық» аталымы бойынша марапатталды.

null  

Жиын барысында ОІІД  Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Ғ.Төлебаев сөз алып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттарымен құттықтап, қаншалықты жұмысбасты болса да бұқара қауым арасында өзекті болып отырған есірткі мәселесін көтеріп, жастарды одан аулақ болуға шақырып, белсенді азаматтық ұстанымдарын танытқаны үшін алғысын білдірді.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер департамент бастығының бағалы сыйлықтарымен, дипломдарымен марапатталды.

null  

Соңғы жаңалықтар