Қызылордада есірткі сатқан жігіт сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Қызылордада есірткі затын заңсыз сатқаны үшін 27 жастағы азамат 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үстіміздегі жылдың 1 ақпанында Қызылорда қаласындағы «Астана» мөлтек ауданында тәртіп сақшыларының қолына түсті. Оны тексеру барысында қалтасынан газетке оралған 2 дана ерекше иісі бар жасыл түсті шөпке ұқсас зат табылды. Тексеру оның кептірілген марихуана екенін анықтады.

«Аталған азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау) кінәлі деп танылды. Қалалық сот оның мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы жөнінде үкім шығарды»,- деп жазылған соттың хабарламасында.

Автор: Әділжан Үмбет   

Соңғы жаңалықтар