Қызылордада электр желілері жаңғыртылып жатыр

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өңірдегі электр желілерін жаңғырту мен қосалқы станциялар орнату жұмыстары үшін биыл жергілікті бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне қарағанда, биыл электр желілерін жаңғырту мен қосалқы станциялар орнату жұмыстарына жергілікті бюджеттен 100 млн теңге қаржы бөлінген. Басқарма есебінше,  «Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі 35/10 кВ № 22 ҚС-сын кеңейту және қайта жаңғырту», Ақай ауылдық  округінде электр желілерін кеңейту мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.

Сонымен  қатар Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту , монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «ҚЭТТК» АҚ жеңімпаз боп танылып,  құрылыс жұмыстарымен ауналысып жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ұлт жоспары -  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің  50-51-52 қадамдарында: Электр энергетикасы саласын қайта құру, «Бірыңғай сатып алушы» моделін енгізу мәселесін көтерді. Мұның  өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік беретінін айтты. Сол кезде энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін артады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығыны  төмендейді, - деді Елбасы. Осы бағыттағы жұмыстар Сыр бойында бүгінгі күні қарқынды жүріп жатыр деуге болады.

Соңғы жаңалықтар