Қызылордада Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» пьесасы қойылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада  «Туған жер» жобасы аясында өтіп жатқан іс-шаралар Н. Бекежанов атындағы театрда Дулат Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу» драмасының қойылымымен жалғасты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ертеректе жазылған бұл пьеса өмірдің өзінен алынған. Қашанда шынайылықты қаз-қалпында бейнелейтін драматург бұл жолы да шиеленіскен өмір сәттерін дәл айшықтай алған. Шығармада  екі тағдырдың өмірлік жолы ескі үйде түйіседі. Бір шетінде туған жерін аңсап келген Айтөре болса, екінші шетінде жалғыз баласы сыртқа кетсе де, үмітін үзбеген жалғыз басты ана. 20 жылды артқа тастап Алматыға ат басын тіреген Айтөренің ойынан кезінде өзі тұрған ескі үйі кетер емес. Әрине, туған жер мен тұрған жерің әрдайым ыстық қой.
null

  Достық пен махаббатты сипаттайтын жанды көріністер көрерменін бей-жай қалдырған жоқ. Пьеса аяқталған сәтті  жұртшылық орындарынан тұрып қол соқты. Шынайы өнерге деген құрмет осы болса керек.

null

Соңғы жаңалықтар