Қызылордада дихандарға тегін кеңес беру қызметі іске қосылады

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданында дихандарға арналған тегін кеңес беру қызметі іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Қызылордада күріш өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін «Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану және күріш өнімділігін арттыру» тақырыбында семинар өткен болатын. Облыстағы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Жасұлан Серіковтің айтуынша, бұл семинарда шаруалар үшін уақыт күттірмейтін шешім қабылданып отыр.

«Күріш алқаптарынан жоғары өнім алу үшін «тегін кеңес беру қызметін» бастамақшымыз. Осыған байланысты Сырдария ауданында зейнетке шыққан тәжірибелі агрономды жұмысқа алу жоспарлануда. Нәтижесінде кез келген күрішші аптасына екі күн кеңсеге барып кеңес алуға және маманды егіс алқабына шақыртып қажетті пайдалы нұсқама-кеңестерін алу мүмкіндіктеріне ие болмақ», - деді бөлім басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған маңызды бастамаға «Абай Дәулет» ЖШС-і қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.

«Мұндай «кеңес беру қызметтері» Еуропа елдерінде жақсы жолға қойылған. Шаруашылықтар көп орналасқан өңірлерде ашылып, зейнет жасындағы тәжірибесі мол ауылшаруашылық мамандарды жұмысқа алынып, жас шаруашылықтарға қолдау жасайды. Қазіргі таңда агроном-маманның тұрақты отыратын орнын ұйымдастыру шараларын жүргізудеміз», - деді Ж.Серіков.

 

Соңғы жаңалықтар