Қызылордада цемент зауытының құрылысы қарқынды жүруде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда облысында жылына бір миллион тонна томпанажды цемент шығаратын зауыт құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында  жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің жылына  бір миллион тонна  өндіретін томпанажды  цемент шығаратын зауыт құрылысы.

null 

Елімізде ғана емес, жалпы Орта Азия  көлемінде алғашқы болып құрылысы басталған зауытты «Данаке» корпорациясы мен Қытай мемлекетінің «Гежуба групп цемент» компаниясы бірлесіп, биылғы жылдың сәуір айынан бастап сала бастады. Жобаның жалпы құны 64 млрд теңгені құрайды. Бас мердігер «Чайна Триумф Интернэшнл» компаниясы. Бұл компания халықаралық көшбасшы компаниялар қатарына жатады. Сонымен бірге әлемдегі үздік 50 ұлттық кәсіпорын сапында өзіндік орны бар.

null 

Шиелі ауданы әкімдігі екі мемлекет арасындағы келісімге сай зауыт құрылысына индустриалды аймақтан 50 гектар жер бөлді. Бүгінгі күні оның 4 гектарына қызметкерлерге арналған жатақхана және басқа да әлеуметтік құрылыстар бой көтеріп үлгірді. Зауыт құрылыс 2019 жылы іске қосылады деп жоспарланған.

null 

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Ұлт жоспары - Мемлекет  бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамың 55-56 қадамдарында трансұлттық компаниялар қызметін айрықша атап өткен болатын. Онда Қазақстанның әлемдік нарыққа шығу және экспорт тауарлары үшін өңдеу өнеркәсібіне ең кемінде 10 трансұлттық компания тарту керек делінген. Сонымен бірге экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» - халықаралық стратегиялық серіктестермен («Эйр Астана», «Теңіз-Шевройл», ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша)  бірлескен кәсіпорындар құру және шетелдерден жоғары  білікті мамандар тарту айтылған еді.

null 

null 

null 

Соңғы жаңалықтар