Қызылордада бірнеше адамды алдап кеткен алаяққа үкім шықты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қазалы аудандық сотында алаяқтық қылмысын жасаған сотталушы Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сотталушы Т. 2016 жылы жәбірленушілер  К., Р., Г.-лерге банк арқылы 10 000 000 теңге несие алып беруге уәде етіп, алғашқы құжаттарын жасау үшін 600 000 теңге керек деп, ол қаржыны бас пайдасына жаратып, жәбірленушілерге мүліктік зиян келтірген.

Басты сот талқылауында сотталушының кінәсі айыбын мойындап берген жауабымен, жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен толық дәлелденіп, бекітілді.

Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, оған оның меншігіндегі заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілей отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сол мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 2-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тағайындалған негізгі жазадан босатылды. Сотталушы Т-дан жәбірленушілердің пайдасына келтірілген мүліктік залал және мемлекет пайдасына мемлекеттік баж алымдары өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Соңғы жаңалықтар