Қызылордада білім беру мекемелері алдында 139 жол белгісі жетіспейтіндігі анықталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылының басталуына байланысты Қызылорда қаласы көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының айналасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттейтін техникалық құрылғыларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, облыс орталығының біршама білім беру ұйымдарының алдына жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жол белгілері мен жол үсті таңбалары жетіспейтіндіктері анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлады.

Зерделеу нәтижесінде қала аумағында орналасқан 58 мектеп пен мектепке дейінгі мекемелер алдында 139 дана жол белгілері жетіспейтіндігі, 101 жердегі жаяу жүргіншілер өтпесі таңбаларына жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігі және 10 мектептің жанындағы жол белгілері тал бұталарынан көрінбей қалғандығы анықталды.

Осы ретте білім беру ұйымдарының айналасында анықталған кемшіліктер жөнінде қалалық әкімдікке хабарлама-ұсыныс жолданып, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берілді.

Нұсқама талабын жауапты мекемелер орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузушылық туралы Кодексінің 631-бабы бойынша оларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Дәл осындай жұмыстар барлық аудандық Ішкі істер бөлімдерінде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар