Қызылордада би фестивалі өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен алғаш рет би фестивалі өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Би нұры» атты фестивальға этномәдени бірлестіктердің, орта білім беру ұйымдарының хореографиялық ұжымдары, қалалық балалар және жасөспірімдер би ансамбльдері, барлығы 16 ұжым қатысты.
null 

Фестивальдің мақсаты жастардың бойында шығармашылыққа деген талпынысты арттыру, хореография өнерінің кең ауқымда дамуына атсалысу, өскелең ұрпаққа еліміздің басты байлығы - Қазақстан халқының достығы мен бірлігін дәріптеу. Сондай-ақ би өнері арқылы этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау болып табылады.

Шара екі кезеңнен тұрды. Халық биі және еркін тақырыптағы би қойылымы. Оған 9-13 және 14-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Қазылар алқасы би ұжымдарын орындаушылық шеберліктері, шығармаларының композициялық құрылымы мен сахналық қимылы, киім үлгісі бойынша бағалады.

Нәтижесінде 9-13 жас аралығындағы балалар арасында бас жүлдені «Балбұлақ» халықтық би ансамблі, бірінші орынды «Жасмин» татар этномәдени бірлестігі, №140 орта мектептің «Ай-ару» би тобы және «Керемет» балалар театры жеңіп алды.

Ал 14-18 жас аралығындағы балалар арасында бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушыларынан құралған «Самға» би тобы, бірінші орынды «Реверанс» жеке би тобы мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр-би» би тобы қанжығасына байлады. Сонымен бірге, екінші және үшінші орындар берілді.
null 

Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Соңғы жаңалықтар