Қызылордада балаларына қарамаған әйел айыппұл төледі

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат. Арал аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларына тиісті деңгейде қарамауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалардың анасы кәмелетке толмаған жеткіншектерді ұзақ уақытқа өзінің қарауынсыз қалдырған.  Ол өзінің аналық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамаған.

Сотта ол өз кінәсін мойындады. Жауапсыз ананың кінәсі іс құжаттарымен толық дәлелденген. Сот қаулысымен оған 11 785 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ

Соңғы жаңалықтар