Қызылордада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының орталық бөлігінде қалаішілік бағдардағы жолаушылар автобусының адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осындай видео әлеуметтік желіде тарады. Онда зардап шеккен адамның жерде жатқаны, жанында ПАЗ маркалы автобус тоқтап тұрған көрсетілген. 
«28 наурызда сағат  17.30 шамасында Қызылорда қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара  жатқан азаматшаны №15 бағыттағы қоғамдық автокөлік жүргізушісі қағып кеткен. Аталмыш дерек бойынша  автобус жүргізушісіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделді. Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, дәл осы көшеде 27 наурызда атыс болып, одан бір адам қаза тапқан еді.

Әділет ҚАҢТАРБАЕВ 

Соңғы жаңалықтар