Қызылордада ат спортынан жарыс өтеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 21-22 қазан күндері Қызылорда қаласында «ҚазГерМұнай» БК ЖШС жүлдесіне арналған көкпар, теңге ілуден жарыстар өтеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 23 қазан күні Ыбырай  Жақаевтың 125 жылдығы мерекесіне арналған «Алтын-дән» ат спорты жарыстары ұйымдастырылады.

Жарыс бағдарламасы бойынша  аламан бәйге - 25 шақырым, құнан бәйге - 7 шақырым, тоқ бәйге - 16 шақырымда өткізіледі.

Шараның мақсаты:  ұлттық спорт түрлерін бұқара арасында кеңінен насихаттау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.

Жүлде қоры: аламан бәйге 1-орынға жеңілавтокөлік, құнан, тоқ бәйге жеңімпазы мен жүлдегерлері диплом,  ақшалай сыйлықпен  марапатталады.  

«ҚазГерМұнай»  БК ЖШС жүлдесіне арналған көкпар, теңге ілуден жарыстар

21 қазан - жұма

10.00 - 11.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

11.00 - 12.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

12.00 - 13.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

13.00 - 14.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

 

22 қазан - сенбі

10.00 - 11.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

11.00 - 12.00. Көкпар топтық (подгруппа) ойындар

12.00 - 13.00. Теңге ілуден іріктеу сайыстары

12.00 - 13.00. Көкпар V - VI орындар

13.00 - 14.00. Көкпар ІІІ - IV орындар

 

Ы. Жақаевтың 125 жылдығы мерекесіне арналған «Алтын-дән»

 ат спорты жарыстары

 

23 қазан - жексенбі

10.00 - 10.20. Көкпар ақтық ойын І-ІІ орындар (І кезең)

10.20 - 10.40. Теңге ілу ақтық сайыс

10.40 - 11.00. Көкпар ақтық ойын І-ІІ орындар (ІІ-кезең)

11.15 - 11.25. Көкпар және теңге ілу жарыстарының жеңімпаздарымен жүлдегерлерін марапаттау

11.25 - 11.35. Құнан бәйге - 7 шақырым

11.35 - 11.40. Құнан бәйге жарысының жеңімпаздарын марапаттау

11.40 - 12.00. Тоқ бәйге - 16 шақырым

12.00 - 12.05. Тоқ бәйге жарысының жеңімпаздарын марапаттау

12.05 - 12.45. Аламан бәйге - 25 шақырым

12.45 - 12.50. Аламан бәйге жарысының жеңімпаздарын марапаттау

Соңғы жаңалықтар