Қызылордада әскерилер арасында қылмыс саны артқан

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қызылордада әскери қызметшілер арасында орын алған қылмыстардың саны 80 пайызға артқан, деп хабарлайды Қазақпарат.

Отан алдында абыройлы қызмет етуге ант бергендердің арасында, алаяқтық әрекет жасағандар да кездеседі. Ал, құмар ойын ойнаудан арыла алмаған тағы бір сарбаз өмірімен қош айтысқан.

Бұл мәселелердің барлығы Қызылорда әскери гарнизоны прокурорының төрағалығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте кеңінен талқыланды.

«2017 жылы әскери қызметшілер арасында қылмыс саны көбейген. Бұл ретте біз әрбір әскери бөлім командирлеріне нақты тапсырмалар жүктедік. Мамандар арасында сыбайластық және қылмыстық сипаттағы оқиғалар белең алған. Қазір профилактикалық шараларға назар аударып жатырмыз. Алдағы уақытта да бұл мәселені бақылап отырмақпыз», - деп мәлімдеді Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры Қасен Рахматулин. 

АЙНҰР ТӨЛЕШОВА 

Соңғы жаңалықтар