Қызылордада апатты үйдің тұрғындары шұғыл көшірілді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада апатты деп танылған Тасбөгет кентіндегі екі қабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында аталған үйдің кіреберісі және бұрышы (бірінші қабаттағы пәтердің) жауын-шашынның салдарынан мүжіліп түскен болатын.  

Кент әкімдігі және тиісті сала мамандары шұғыл шаралар қабылдап, апаттық үйдегі төрт отбасын қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер жоқ. 

Жүнісбаев көшесіндегі бұл үй 1960 жылы салынып, пайдалануға берілген, 2 қабатты, 8 пәтерден тұрады. Жалпы ауданы - 385,6 шаршы метр. Тұрғын үй 2014 жылғы 13 мамырда «KZ Стройэксперт» ЖШС-нің қорытындысы бойынша аппатты жағдайда деп танылған.

Аталмыш пәтер иелері «жалғыз баспанасы апатты деп танылған» санат бойынша үй кезегінде тұр. Алдағы уақытта заң аясында және кезек ретімен тұрғын үймен қамтылатын болады. 

Апатты тұрғын үй қауіпсіздік мақсатында толықтай бұзылды.

Соңғы жаңалықтар