Қызылордада Андрей Кашечкин жүлдесі үшін велоспорттан жарыс өтеді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1-қазанында Қызылорда қаласында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Андрей Кашечкин жүлдесіне арналған велоспорттан жарыс өтеді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа 2001  және одан кіші жастағы жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысады.

Бағдарламаға сәйкес спортшылар 25 шақырым критериум жарысында сынға түседі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер грамота және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, аталмыш жарыс өңірімізде алғашқы мәрте ұйымдастырылуда. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілетін болады.

 

Соңғы жаңалықтар