Қызылордада аналар аллеясы ашылды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылордада аналар аллеясы ашылды.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Бегім ана» көшесіндегі "Ана бақыты" ескерткіші жанынан бастау алатын аллеяның ашылуымен қала тұрғындарын құттықтады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
null 

"Ұлтымыздың арғы-бергі шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы, ұлтқа ұран болған Аналарымыз баршылық. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да тегі асыл апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында сақталады. Бұл жер анасы мен баласының, отбасылардың демалып, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізетін, Елбасының айтуынша, «Алаштың анасы - Сыр өңіріндегі» бірден-бір сүйікті орнына айналуына тілектеспін", - деді облыс әкімі. 
null 

Айта кетейік, аллея құрылысына «Абзал и К» компаниясы 44 млн. теңге бөлді. «Ана бақыты» ескерткішінің авторы - мүсінші Ағабек Назаров, биіктігі - 5,5 метр.

Қызылорда облысында 34700 көп балалы ана бар. Оның 17742-сі -  "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегері. 
null 

Соңғы жаңалықтар