Қызылордада алаяқ келіншек оқушы қыздардың алтын бұйымдарып қолды етіп келген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушыларының алтын бұйымдарын қолды еткен қызылордалық алаяқ әйел шартты түрде 3 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол үстіміздегі жылдың 28 ақпанында тәртіп сақшыларының қолына түсті. 1987 жылы дүниеге келген әйел жасөспірім қыздарды алдап, олардың алтын бұйымдарын алып кетіп отырған. Оқушылардың ата-аналары оның үстінен Қызылорда қаласының Ішкі  істер басқармасына шағым түсірген.

ІІД баспасөз қызметінінің хабарлауынша, алаяқ әйелдің әрекетінен 6 адам зардап шеккен. Жедел іздестіру барысында оңай жерден олжа іздеген келіншектен айғақ заттар алынды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.   

«Осыған орай, Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті ата-аналар балаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Балалар бөтен адамдармен сөйлескенде сақтық шараларын сақтау қажет» деп жазылған хабарламада. 

Аталған азаматша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармақшасына сәйкес кінәлі деп танылып, сот үкімімен 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Әділжан Үмбет 

Соңғы жаңалықтар