Қызылордада 8 адамды арбаған алаяқ сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада үй салуға жер алып беремін деген желеумен 8 адамның сеніміне кіріп, жалпы сомасы 557 мың теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленушілердің барлығы жергілікті ішкі істер органдарына былтыр шағымданған. Олардың шағымы негізінде күдіктінің жеке басы туралы мәліметтер анықталды. Ол, 29 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны болып шықты.

Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі алаяқтық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген. Тергеу жұмыстары барысында күдікті ең алғаш 2016 жылдың тамыз айында аудан тұрғынын жер алып, үй құжаттарын дұрыстап беруге көмектесетініне сендіріп, қызметін 93 мың теңгеге бағалаған. Одан кейінгі кезекте де қаншама адамнан ақшаны алаяқтық жолмен алдап алған.

Жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізіліп, күдіктінің кінәсі толық дәлелденіп, сот шешімімен 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Әділет Қаңтарбаев

Соңғы жаңалықтар