Қызылордада 106 оқушы «Алтын белгіден» үмітті

None
None
      ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылорда қаласы бойынша мектеп бітіруші 1 мың 739 түлек жаңа өмірге жолдама алды. Олардың 106-сы «Алтын белгіден», 98-і үздік аттестаттан үмітті. 

Мерекеге байланысты қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ілияс Қабылов атындағы № 12 орта мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысып, жас түлектерді құттықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

«Бүгінгі күн - шәкірттерінің бойына таудай талап пен білім дәнін сепкен ұстаздар қауымының еселі еңбегінің жемісті мезеті. Бүгінгі күн - күні кеше ғана баласын мектепке жетелеп алып келген ата-ана үшін ұл-қызының ер жетіп, арман биігіне қанат қаққанын көрер, жүрек тебірентерлік шақ. Білім беру - ата-ана үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін қастерлі парыз. Білім алу - еңселі ел болуды мақсат тұтқан әрбір жан үшін қасиетті борыш. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетімізде жүргізіп отырған сарабдал саясатын жалғастыратын, ұлттық идеологиямыз «Мәңгілік елді» мақсат тұтқан еліміздің ауқымды стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыратын да, оның нақты жемісін көретін де осы бүгінгі түлек, ертеңгі ел тізгінін қолға алар өскелең ұрпақ деп білемін», - деп атап өтті қала әкімі.

Салтанатты шара барысында, жас түлектер ұстаздар қауымына алғыстарын жеткізіп, 1-сыныпты аяқтаған балғын бүлдіршіндер аға-әпкелеріне арналған өнерлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар