Қызылорда түрмесінде өлеңдер оқылды

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- «Халықаралық  ана тілі күні»  мерекесіне орай ЗК-169/5 мекемесінде Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!» атты  мерекелік кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.  

Мерекелік кешке ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5 мекемелерінің қызметкерлері мен мемлекеттік тіл мамандары белсене қатысып, ана тілі тақырыбында өлеңдер оқылды. Патриоттық  тақырыптағы әндер шырқалып, Сыр жырауларының термелері орындалды. Сондай-ақ, ана тілінің қадір-қасиеті жайлы бейне-слайдтар көрсетіліп,  «Тәрбие - тал бесіктен» тақырыбында сахналық көрініс ұйымдастырылды. 

Кеш қонақтары  Қызылорда облысы бойынша тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Н.Нұржауқызы мен Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті арнайы есеп тобының бас маманы С.Сисенқызы  шараның ұйымдастырылуына өз ризашылықтарын жеткізіп, қазақтың ұлттық тұтастығының ең негізгі ұйытқысы  - ана тіліміз жайлы шаралардың жалғасын таба беруіне тілектестіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар