Қызылорда полицейлері үш күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасөспірімді тапты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жоғалып кеткен үш жасөспірім табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап.

Ақпан айының 7-сі күні Қызылорда облысы Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне 15 жастағы 3 жасөспірімнің 6  ақпан күні үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалғандығы жайлы хабарлама келіп түседі.   

Шұғыл іздестіру шаралары жүргізіліп, олардың мектепке домбыра үйірмесіне барамыз деп үйлерінен шығып кетіп, қайта оралмағандары анықталды.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған жасөспірімдер  8 ақпан  күні сағат 12:30 шамасында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіне қарасты шаруақожалығында жылқыға мініп жүрген жерлерінен табылды. 

Жасөспірімдер дін аман күйінде ата-анасына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар