Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімінің өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынуымен және облыстық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда облысының ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Ибраев Бауыржан Әшімұлы тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД-ге сілтеме жасап хабарлады.

Бауыржан Әшімұлы 1969 жылы дүниеге келген. 1997 жылы Орталық Азия университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Облыстық ішкі істер басқармасы Жол полиция қызметінің инспекторы ретінде бастаған. 1998-2013 жылдар аралығында Жол полиция басқармасында бірнеше жауапты лауазымдарда қызмет еткен. 2013-2015 жылдар аралығында - Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болған.

2016 жылдың маусымынан жаңа тағайындауына дейін ОІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары болып қызмет еткен. 

Соңғы жаңалықтар